Размер шрифта:
ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
14-08-2024 11:07
ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

      14 тамызда Қарағанды облысының білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің басшылары мен педагогтері үшін инклюзивті білім беру бойынша тамыз секциялық отырысы өтті (барлығы 130 педагог).

Іс-шара барысында педагогтер білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша нормативтік-құқықтық актілердегі (Оқу-ағарту министрлігінің №196, №165 бұйрықтары) өзгерістер мен толықтырулармен танысты. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделінің  көмегімен балалар өздерінің қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктеріне барынша сәйкес келетін қолдау алады.

Сонымен қатар қатысушыларға Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № 178 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар» ұсынылды; ҰБДБ  инклюзивті білім беру көрсеткіштерін толтыру, білім бөлімдері деңгейінде мониторинг жүргізу алгоритмі түсіндірілді.

Семинардың практикалық бөлімінде Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтері  (Ильясов А.Ж. № 73 НОМ, Глушко Т. А., Кожахметова Ж. Б. №27 ЖББМ, Смолянова И. Ю. №25 ЖББМ) инклюзивті оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Секция жұмысының соңында оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары талқыланып, 2024-2025 оқу жылына ұсыныстар берілді.