ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТАМЫЗ КЕҢЕСІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ
16-08-2024 18:01
ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТАМЫЗ КЕҢЕСІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ

      2024 жылғы 15 тамызда Қарағанды ​​облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды ​​облысының білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, мамандандырылған мектеп-интернаттарының директорларының ақпараттандыруға жауапты орынбасарларына және информатика пәні мұғалімдеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысын өткізді.
Секциялық отырыста  келесі тақырыптар талқыланды:

Сартаева Жансая Ахмедьянқызы, білім берудің инновациялық нысандары және электрондық білім беру бөлімінің басшысы – «Қарағанды ​​облысында инновациялық жобаларды жүзеге асыру», «Облыстық жол картасы шеңберінде IT -сыныптарды іске асыру», «2024-2025 оқу жылына ақпараттандыру жұмысын жоспарлау»;

Какенбекова Анель Асылановна, білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері – «2024-2025 оқу жылында «Информатика» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері»;
Қасым Әсел Жаңғырбайқызы,     «Дарын»  ММЛИ информатика пәні мұғалімі – «Жасанды интеллект информатика және робототехника сабақтарында»;
Есім Әділ,  Астана қ. Республикалық қоғамдық бірлестік «Спорттық бағдарламалау федерациясы»  жобалар менеджері – «Білім алушыларды спорттық бағдарламалау бойынша олимпиадаларға дайындау»;
Ахмадуллаева Бахрампаша Хасанджановна,Алматы қ. «Республикалық физика-математика мектебі» педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер информатика  пәні мұғалімі – «От теории к практике: использование систематизированного сборника задач для эффективного обучения программированию школьников»;
Ибадильдин Диас Нуржанулы,Қарағанды қ. «STEP IT ACADEMY»  оқытушысы – «Білім берудегі жасанды интеллект»;

Амербекова Айнура Толегеновна, Қарағанды қ.«Өрлеу» инновациялық технологиялар орталығы»- «Жаңа жобалар «Өрлеу «Инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС»

 
Секциялық отырыс ашық микрофонмен аяқталды: «Ұсыныстар әзірлеу».