Размер шрифта:
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ
16-08-2024 18:51
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ

 Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2024 жылдың 15 тамызында Қарағанды қаласы «Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ базасында «Білім беруді цифрландыру: заман талабы мен мүмкіндіктері» атты Қарағанды облысы педагогикалық қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясы аясында биология пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы өткізілді.

 Секциялық отырыстың тақырыбы: «Білім берудегі инновациялар: құндылықтар, үрдістер, технологиялар»Мақсаты: Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін игеру және оларды оқу үдерісінде жүзеге асыру арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

 Секциялық отырыс барысында Астана қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM мектеп-лицейі» биология пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Касымова Лазим Талгатовна«Білім беру саласындағы жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен қиындықтар» тақырыбында және Бұқар жырау ауданы «М.Жүсіп атындағы ЖББМ» КММ биология пәнінің мұғалімі, «Teach for Qazqstan» жобасының қатысушысы Курбонов Нуржигит Ашируғли «Биология сабақтарындағы жасанды интеллект қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті.

 Секциялық отырысы аясында келесі мәселелер қарастырылды:

- Қарағанды облысында ББД ОӘО жұмысының нәтижелерінің талдауы;

- 2024-2025 оқу жылының жұмыс жоспары;

- 2023-2024 оқу жылындағы медициналық сынып «Медицинаға қадам» облыстық жобасының қорытындысы, химия және биология пәндерінен білім сапасының талдауы;

- МОДО 2024 жылының қорытындысы;

- «Цифрлық әлемде білім алу» - РІSA-2025 циклінің инновациялық бағыты;

- «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік-нұсқау хаты;

- Жаратылыстану сабақтарында PISA тапсырмаларын ойлаудың 6 деңгейіне сай құрастыру;

- Digital-биология сабақтарындағы технологиялар-тиімді білім берудің заманауи тенденциялары;

- Функционалдық сауаттылықты дамытуда жасанды интеллектті қолдану;

- Білім беру ортасындағы жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен қиындықтар;

- 8 сыныпта биология сабағында STEM технологиясын қолдану арқылы бірнеше сабақтар топтамасының нұсқасы.

 Сондай-ақ, облысымыздың әдіскерлері, жетекші мұғалімдері және жас мамандары да өздерінің тәжірибелерімен бөлісті:

 Тукбаева Зауре Исенгельдиевна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;

 Касымбекова Арайлым Исановна, Нұра ауданы «Кәрім Мыңбаев атыңдағы ЖББМ» КММ химия-биология пәндерінің мұғалімі;

 Ясинская Маргарита Игоревна, Теміртау қ. «№21 ЖББМ» КММ биология пәнінің мұғалімі;

 Жанарбек Гульжанар, Шахтинск қ."С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия" КММ биология пәнінің мұғалімі;

 Мухтарова Гульдана Оразбеккызы, Приозерск қ. «№2 ЖББМ» КММ биология  пәнінің мұғалімі;

 Қабиденов Бахтияр Қабиденұлы, Қарқаралы ауданының «№30 ЖББМ» КММ биология пәнінің мұғалімі;

 Ботаханова Сауле Толегеновна, Балқаш қ. «№9 ЖББМ» КММ биология пәнінің мұғалімі;

Секциялық отырысқа қатысқан пән мұғалімдерінің саны-80.