Размер шрифта:
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ
16-08-2024 19:03
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2024 жылдың 14 тамызында «Білім беруді цифрландыру: заман талабы мен мүмкіндіктері» атты Қарағанды облысы педагогикалық қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясы аясында химия пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы өткізілді.

Секциялық отырыстың тақырыбы: «Білім берудегі инновациялар: құндылықтар, үрдістер, технологиялар»Мақсаты: Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін игеру және оларды оқу үдерісінде жүзеге асыру арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Секциялық отырыс барысында Алматы облысы Қарасай ауданы «әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицей» КММ химия пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Әбеу Нұргелді, «Химия сабағындағы виртуалды зертхана, жасанды интеллект ChatGPT, Polypad, Mathway, Qalan және GAMMA құралдарын қолданудың тиімділігі» туралы өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.

Секциялық отырысы аясында келесі мәселелер қарастырылды:

- Қарағанды облысында ББД ОӘО  жұмысының нәтижелерінің талдауы;

- 2024-2025 оқу жылының жұмыс жоспары;

- 2023-2024 оқу жылындағы медициналық сынып «Медицинаға қадам» облыстық жобасының қорытындысы, химия және биология пәндерінен білім сапасының талдауы;

- МОДО 2024 жылының қорытындысы;

- «Цифрлық әлемде білім алу» - РІSA-2025 циклінің инновациялық бағыты;

- «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік-нұсқау хаты;

- Химия есептерін шешуге арналған нейрондық желінің қолданылуы;

- Білім берудегі жасанды интеллект-мұғалімдер үшін жаңа мүмкіндіктері;

- STEM-дегі инновация: технология мен ғылымның болашағын қалыптастыру мүмкіндіктері;

- Сабақта нейрожаттығулар жасай отырып, оқушылардың білім сапасын көтеру жолдары;

Сондай-ақ, облысымыздың әдіскерлері, жетекші мұғалімдері және жас мамандары да өздерінің тәжірибелерімен бөлісті:

Тукбаева Зауре Исенгельдиевна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері

Кулик Ирина Юрьевна, Теміртау қ. «№1 Гимназия» КММ химия пәнінің мұғалімі

Қабиденов Бахтияр Қабиденұлы, Қарқаралы ауданының «№30 ЖББМ» КММ биология пәнінің мұғалімі

Нечаев Евгений Викторович, Шахтинск қ. «№ 2 ЖББМ» КММ химия пәнінің мұғалімі.

Секциялық отырысқа қатысқан пән мұғалімдерінің саны-80.