Размер шрифта:
«Шуақты жаз-радужное лето» облыстық байқауының қорытындысы
20-08-2024 15:10
«Шуақты жаз-радужное лето»  облыстық байқауының қорытындысы

      2024 жылдың 03 маусым – 05 тамыз аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Шуақты жаз - радужное лето» облыстық байқауын өткізді.   

          Байқаудың мақсаты: педагогтерді кәсіби жетілдіру, балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру бойынша озық педагогикалық іс-тәжірибені тарату,  педагогикалық жаңашылдықпен шығармашыл жұмыс жасайтын педагогтерді қолдау.

         Байқау жұмыстары екі бағыт бойынша қабылданды:

- «Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іс-шаралармен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы мақала»;

- «Жазғы сауықтыру лагерінің бағдарламасы».

 Аталмыш бағыттар бойынша жалпы 17 жұмыс келіп түсті.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

«Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іс-шаралармен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы мақала» номинациясы бойынша: 

 

ІІ орын – Касымова Дина Акимкуловна, «Н.Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ Қарағанды қаласы;

ІІ орын – Жумабекова Назгуль Толеухановна, «С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ Қарағанды қаласы;

III орын – Маслова Ольга Сергеевна, Коцур Людмила Сергеевна, «Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейі» КММ Абай ауданы;

III орын – Сиразетдинова Мариям Борисовна, «Н.Әбдіров атындағы тірек мектебі (РО)» КММ Абай ауданы.

Алғыс хатпен марапатталды:

- Касымова Жазира Еркеновна, «Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК Қарағанды қаласы;

- Балтабекова Айтолкын Аскаровна, «№9 лицейі» КММ Теміртау қаласы;

- Савельева Светлана Борисовна, Абельдинова Алтын Сериковна, «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ Теміртау қаласы.

«Жазғы сауықтыру лагерінің бағдарламасы» номинациясы бойынша: 

ІІ орын – Короткова Ольга Федоровна, Кондрашова Елена Викторовна, «Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейі» КММ  Абай ауданы;

III орын – Субботина Юлия Анатольевна, Умарова Ирина Валерьевна, «Е.Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ Шахтинск қаласы.