2016 жылғы 12 сәуірде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мектеп-интернаттардағы директордың тәрбие ісі бойынша орынбасарлары, мамандандырылған мектеп-интернаттар, мектеп жанындағы интернаттардың меңгерушілері және тәрбиешілері үшін облыстық оқыту семинарын өткізді.
Семинар жұмысына ҚО ІІД ЖПҚ ЮП, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімі, «Қарағанды облыстық АҚТҚ-мен күресу және алдын алу орталығы» КМҚМ, Қарағанды облыстық салауатты өмір салтын сақтау орталығының өкілдері және Қарағанды облысы аймақтарынан 40 педагог қатысты.
Семинарға қатысушылар тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы негізгі өзекті мәселелерді, Тәрбиенің Тұжырымдамалық тәсілдерін іске асыру жолдарын талдады.