2024 – 2025 оқу жылында тәрбие процесін ұйымдастыру. Цифрландыру, білім берудегі жасанды интеллект. 2023-2024 оқу жылындағы Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру қорытындысы және 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында жаңартылған «Біртұтас тәрб
28-08-2024 16:57
2024 – 2025 оқу жылында тәрбие процесін ұйымдастыру. Цифрландыру, білім берудегі жасанды интеллект. 2023-2024 оқу жылындағы Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру қорытындысы және  2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында жаңартылған  «Біртұтас тәрб

       2024 жылғы 28 тамызда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында жаңартылған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру перспективалары және 2023-2024 оқу жылындағы бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру қорытындылары, 2024 – 2025 оқу жылында тәрбие процесін ұйымдастыру. Цифрландыру, білім берудегі жасанды интеллект тақырыбанда  облыстық семинар-кеңесін өткізді.

        «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының орынбасары Нартова Т. Г. құттықтау сөз сөйлеп, білім беру ұйымдарында жаңартылған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру перспективаларын атап көрсетті.

        Семинарда «Саран техникалық колледжі» КМҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. М. Битуова, «Шет агротехникалық колледжі» КМҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Т.Түсіпова, «Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Ракымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі» КМҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.У. Болтайбаева, «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зейнегабиева Ж.М., «Қарағанды машина жасау колледжі» КМҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сағымбаева А. Т., спикер ретінде сөз сөйлеп, Қарағанды облысының ТжКБ ұйымдарында бірыңғай тәрбие бағдарламасының «Ұрпаққа аманат», «Ұлттық Мектеп лигасы», «Өр талапты, озық ойлы ұлан», «Еңбегі адал жас Өрен» "Жеткіншектің жеті жарғысы" жобаларының жүзеге асырылуы бойынша қорытында талдау жасады.  

     2023-2024 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының кешенді жоспарының орындалуы бойынша талдаумен «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері Т.М. Баймағанбетова таныстырды.

     Сонымен қоса семинарда 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» жаңартылған бағдарламасының мазмұны, іске асыру алгоритмі, басқару және үйлестіру бойынша түсіндірмелер берілді.

      Цифрландыру, білім берудегі жасанды интеллект. Білім  беру процесіне ЖИ енгізу тақырыбында  «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы, информатика оқытушыларының ОӘБ төрайымы Сударикова А. А. сөз сөйледі.

      Семинарға облыс колледждері директорларының тәрбие ісі жөніндегі 47 орынбасары қатысты.