«Мұғалім болу - мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасын іске асыру бойынша облыс колледждерінің өкілдерімен ұйымдастыру отырысы
13-09-2024 11:05
«Мұғалім болу - мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасын  іске асыру бойынша облыс колледждерінің өкілдерімен ұйымдастыру отырысы

      2024 жылдың 13 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі «Мұғалім болу - мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасын іске асыру бойынша облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерімен ұйымдастыру отырысын өткізді.

Бекітілген бағдарламаға сәйкес Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу–әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері А.А. Кнашина жоба аясында жұмысты жоспарлау туралы ақпаратпен бөлісті.

Бұдан әрі «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ педагогикалық факультетінің мысалы негізінде Қарағанды облысындағы үздіксіз педагогикалық білім беру» тақырыбы бойынша «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ педагогикалық факультеті дайындаған презентация көрсетілді.

Отырыстың соңында ұйымдастыру сұрақтары талқыланып, қорытындылар шығарылды.

Отырыс жұмысына колледждерде жобаны іске асыруға жауапты тұлғалар болып табылатын облыстың педагогикалық колледждерінің 13 өкілі қатысты.