Размер шрифта:
ИНКЛЮЗИВТІ ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ
13-09-2024 11:23
ИНКЛЮЗИВТІ ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ

      13 қыркүйекте оқу-әдістемелік орталығы инклюзивті тәжірибелерді дамыту және тәжірибе алмасу ресурстық орталықтарының қызметін үйлестіру мақсатында білім бөлімдері әдіскерлерінің, мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.

Қарағанды облысы білім басқармасының 2024 жылғы 5 тамыздағы №370 бұйрығымен ресурстық орталықтары ретінде 6 жалпы білім беретін мектеп тағайындалды: Қарағанды қ. «№25 ЖББМ» КММ, Шахтинск қ. «№3 ЖББМ» КММ, Теміртау қ. «№10 ЖББМ» КММ, Балқаш қ. «№1 ЖББМ» КММ, Осакаров ауданы «№3 ЖББМ» КММ,  Шет ауданы «Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейі» КММ.

Іс-шара барысында ағымдағы оқу жылындағы ресурстық орталықтардың негізгі бағыттары мен қызметін жоспарлау талқыланды, сондай-ақ білім бөлімдерінің жергілікті жерлерде жүргізілген дайындық жұмыстары туралы есептері тыңдалды.