«Кәсіби ұстаз» бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық сайысы
13-04-2016 09:33
«Кәсіби ұстаз» бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық сайысы

     2016 жылдың 13 сәуірінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында, онлайн-режимде «Кәсіби ұстаз» Қарағанды облысының бастауыш сынып мұғалімдері облыстық сайысының екінші кезеңі өтті.

Конкурс мақсаты:

Талантты педагогтерді анықтау, қолдау және көтермелеу және олардың педагогикалық озат тәжірибелерін тарату арқылы педагогикалық еңбектің ынталы имиджін қалыптастыру.

      Бірінші кезеңге Осакаровка, Жаңаарқа, Абай, Шет, Қарқаралы аудандарынан, Сәтпаев, Саран, Жезқазған, Балқаш, Қарағанды, Қаражал қалаларынан барлығы 44 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. 

     Ақтоғай, Бұқар жырау, Нұра, Ұлытау аудандары, Приозерск, Теміртау, Шахтинск қалалары сайысқа қатысқан жоқ.

     Конкурстың өлшемдеріне сәйкес, екінші кезеңге қатысуға 10 қатысушыға рұқсат берілді:

№/п

Аты-жөні

аудан/қала

мектеп

1.

Бахтина О.Б.

Қарағанды

№101 МЛ

2.

Акмагамбетова А. М.

Қарағанды

№ 92гимназия

3.

Башаева К. М.

Қарағанды

№18ЖББОМ

4.

Матвиенко С. Н.

Саран

№ 6ЖББОМ

5.

Рысқұл Ә. К.

Балқаш

№ 8ЖББОМ

6.

Саидгараева Г. И.

Абай

№1 ТМ

7.

Жасынбекова Б. Ж.

Жезқазған

№ 8 гимназия

8.

Нұрмағанбет Ж. С.

Қарқаралы

Н. Әбдіров атындағы № 10 ОМ

9.

Толеутаева А. С.

Жаңаарқа

№132 ОМ

10.

Мустафина Ж. К.

Жаңаарқа

№132 ОМ

 

       Екінші кезең нәтижелері 15 сәуір күні sabak.kz сайтының Karaganda_Obl_Umc бөлмесінде, on-linе режимде өтетін педагог қызметкерлердің ғылыми-тәжірибелік конференциясында жарияланатын болады.