«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған нұсқасын жүзеге асыру» бойынша оқыту семинары
12-09-2024 12:28
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған нұсқасын жүзеге асыру» бойынша оқыту  семинары

      2024 жылдың 12 қыркүйегінде  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының тәлімгерлеріне (вожатыйларға) арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған нұсқасын жүзеге асыру» оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында Қарағанды облысының тәлімгерлер ассоциациясының төрағасы Карпов Илья Борисович 2023-2024 оқу жылының есебі мен жаңа оқу жылының жоспарымен бөлісті. «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығы» КМҚК  тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің меңгерушісі Калмагамбетова Айгуль Хамзеевна  мектепішілік шаралардың мазмұны, өткізу түрі, орны, әдіс-тәсілдері ұйымдастыру ерекшеліктеріне, білім алушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес дербес таңдалуы жөніндегі мәселелері талқыланды.

Оқыту семинарына барлығы 252 тәлімгерлер (вожатый) қатысты.