«943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы аясында Абай ауданы нысаналы мектептерімен кездесу
18-09-2024 18:31
«943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту»  жобасы аясында Абай ауданы нысаналы мектептерімен кездесу

      2024 жылдың 18 қыркүйек күні «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру аясында жоспарға сәйкес Абай ауданы «№9 жалпы білім беретін мектеп» КММ әкімшілігімен кездесу болып өтті.     

Кездесу барысында портрет, жеке жоспар, мектептің даму бағдарламасын, мектепішілік бақылау жоспарын құру, мәселелер мен оларды шешу жолдарын анықтауда әдістемелік көмек көрсетілді. Оқушылардың білім сапасын арттыруға және мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған жоспарлы іс-шаралар талқыланды.