Размер шрифта:
«ЦИФРЛЫҚ ҰСТАЗ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
19-09-2024 12:42
«ЦИФРЛЫҚ ҰСТАЗ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

 Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2024 жылдың 19 қыркүйегінде тұрмысы төмен отбасындағы балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында «Цифрлық ұстаз» жобасы аясында білім беру ұйымдарының педагогтері үшін  семинар өткізілді.

 Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылар үшін қосымша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін ұсынды. Математика, биология, химия, физика және Қазақстан тарихы сияқты негізгі пәндер бойынша оқу жетістіктерінің мониторингі арқылы үлгерімі төмен білім алушылардың тізімі анықталды. Білім алушының қосымша сабақтарын өткізетін педагогтердің тізімдері әзірленді және бекітілді.

Барлығы 185 педагог қамтылды.