«943- елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы аясында Саран қаласы мектептерімен кездесу
13-09-2024 16:18
«943- елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы аясында  Саран қаласы мектептерімен кездесу

 2024 жылдың  13 қыркүйегінде«946 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру аясында жоспарға сәйкес Саран қаласының «№7 мектеп – интернаты» КММ, «№16 ЖББМ» КММ, «№13 ЖББМ» КММ мектеп педагогтерімен кездесулер өткізілді.

 Кездесу барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Мукашева Гульсым Габбасовна мен әдіскер Каримбаевна Айгуль Бигамбетовна, Саран қаласының  білім бөлімінің басшысы Бақтыбаев Арман Болатұлы, білім бөлімінің әдіскерлері нысаналы мектептің жеке портреті, жеке жоспар, мектептің даму бағдарламасын, мектепішілік бақылау жоспарын құру мәселелер мен оларды шешу жолдарын анықтауда әдістемелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар оқушылардың білім сапасын арттыруға және мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған жоспарлы іс- шаралар талқыланды.