Размер шрифта:
Әдістемелік кабинеттер меңгерушілеріне, менторларға, нысаналы мектептер директорларына арналған кеңес
23-09-2024 13:11
Әдістемелік кабинеттер меңгерушілеріне, менторларға, нысаналы мектептер директорларына арналған кеңес

  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 23 қыркүйегінде әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, оқу-әдістемелік орталықтың, білім бөлімдерінің әдіскер-менторлары, нысаналы мектептердің директорлары үшін кеңес өткізді

  Жұмыс тәжірибесімен алмасу және проблемалық аймақтарды анықтау мақсатында Теміртау қаласының №16 жалпы білім беретін мектебінің, Нұра ауданының және Абай ауданының Қ. Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебінің портреттері тыңдалды.  Сөз сөйлеу барысында Оразаев Медет Алдабергенович пен Тектаева Сауле Канбетовна мектептерде жүргізіліп жатқан жұмыстар, мектеп педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету туралы айтып берді. Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.