Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында сервис және қызмет көрсету саласы Республикалық кәсіби шеберлік байқауының облыстық кезеңі
26-09-2024 12:02
   Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында сервис және қызмет көрсету саласы Республикалық кәсіби шеберлік байқауының облыстық кезеңі

        2024 жылдың 24-26 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК және «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК базаларында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы сервис және қызмет көрсету саласының «Аспаздық ісі»,  «Наубайхана ісі»,  «Кондитерлік іс»,  «Мейрамхана ісі», «Киім дизайны» құзыреттері бойынша Республикалық кәсіби шеберлік байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Конкурстың мақсаты сервис және қызмет көрсету саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтерін анықтау, қолдау болып табылады.

Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Байқауға 16 педагог қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады.

Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Аспаздық ісі» құзыреттері бойынша:

1 орын – Елюбаева Алия Алпысовна,  «Саран техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері;

2 орын  - Усенова Гульмира Тулеухановна, «Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;

3 орын - Майснер Елена Владимировна, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы.

«Наубайхана ісі» құзыреттері бойынша:

1 орын – Ерманова Акмарал Жуздубаевна, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері.

«Кондитерлік іс» құзыреттері бойынша:

1 орын – Величко Ольга Андреевна, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері.

«Мейрамхана ісі» құзыреті бойынша:

1 орын – Бервальд Екатерина Александровна, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері.

«Киім дизайны» құзыреті бойынша:

1 орын – Жумина Гульнара Кабилдаевна, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;

2 орын - Лебединская Людмила Анатольевна, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;

3 орын - Райханова Ботагоз Куанышевна, «Саран техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері.

Облыстық кезеңде 1 орын алған қатысушылар сервис және қызмет көрсету саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік байқауына қатысуға құқылы.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.