«МЕКТЕПТЕ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯДАН ПРАКТИКАҒА» МЕКТЕП ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
25-09-2024 13:32
«МЕКТЕПТЕ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯДАН ПРАКТИКАҒА» МЕКТЕП ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

      «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ, «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ, Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ,  «Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК ұйымдастырылуымен, 2024 жылдың 25 қыркүйек күні, офлайн режимде  тұрақты білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін сапа менеджменті саласында мектеп басшыларының басқару құзыреттілігін дамыту мақсатында семинар өткізілді.  

Семинарда Мектепті дамыту бағдарламасы бойынша  ағымдағы жағдайды анықтау және мектеп мәселелерін талдау, әлсіздіктерді диагностикалау әдістері және теріс нәтижелердің себептері, мүмкіндіктер мен қауіптерді анықтау үшін SWOT талдау, қол жеткізуге болатын мақсаттарды қою және дамуды жоспарлау (KPI) туралы қарастырылды.

Жоба аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру және облыстағы үздік білім беру ұйымдарының басшыларының табысты істерімен алмасу бойынша тәжірибелік алаң ұйымдастырылды.

Қатысушылар саны: 84.