Құпиялылық режимінен шыққан тапсырмалар негізінде жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша нетворкинг
30-09-2024 18:27
Құпиялылық режимінен шыққан тапсырмалар негізінде жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша нетворкинг

    Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың  қыркүйек айының 30 күні құпиялылық режимінен шыққан тапсырмалар негізінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту бойынша география мұғалімдеріне арнап нетворкинг өткізілді.

 

 Мақсаты: құпиялылық режимінен шыққан тапсырмалар негізінде білім алушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар жасау кезінде педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.

   Нетворкинг барысында облыстың география пәні бойынша жетекші мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті: Е.М. Сатыбалдин, «Ғ. Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, С.М. Садықова, Қарағанды қаласының «№19 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Г.М. Манатаева, Балқаш қаласының «№7 Гимназия» КММ, А.А. Ульянов, Саран қаласының «№17 мектеп гимназиясы» білім алушылармен жаратылыстану-ғылыми сауаттылыққа бағытталған жұмыстың тиімді түрлерін көрсетті.

 Педагогтер құпиялылық режимінен шыққан тапсырмаларды шешу жолдарын көрсетті.

  Қамту 100 адамды құрады.