«Медиасынып» облыстық жобасын іске асыру бойынша кіріспе отырыс
02.10.2024 жылы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Медиасынып» облыстық жобасын іске асыру аясында кіріспе отырыс өткізді.
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері Жаркеева Гулназ Бекетовна 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстарға талдау жасады. Әдіскер Цой Ксения Петровна қатысушыларды жоба шеңберінде 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Отырыс өткен оқу жылының жұмысын қорытындылауға және педагогтер мен жобаға қатысушы мектеп оқушыларының медиасауаттылығын дамыту бойынша алдағы қадамдарды талқылауға мүмкіндік берді.