Құпиялылық режимінен шыққан PISA тапсырмалары бойынша «Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру» тақырыбында шеберлік сыныптар
2024 жылдың 03 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен математика пәнінің мұғалімдеріне құпиялылық режимінен шыққан PISA тапсырмалары бойынша «Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру» тақырыбында шеберлік сынып өткізілді.
Шеберлік сыныптар барысында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Оразбаева Роза Жахановна, Қарағанды қаласы «М.Жұмабаев атындағы гимназия» КММ математика пәнінің мұғалімі;
Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері.