«Ұлттық тәрбие – құндылықтың бастауы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар
01-10-2024 15:58
«Ұлттық тәрбие – құндылықтың бастауы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар

      2024 жылдың 01 қазанында оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен Қарағанды қаласының Әль-Фараби атындағы мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ұлттық тәрбие – құндылықтың бастауы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.

 Семинар қатысушылары іс-шара барысында «Шабыт» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар – ел қазынасы» қазақ халқының ұлттық ойындарын, «Ұлттық құндылық – ұлт бейнесі» ұлттық көрмесі, «Ұлттық құндылық – тәрбиенің қайнар көзі» тренинг сабақтарын, «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Бұл палата Әл-Фараби мұраларының құндылығы арқылы бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу механизмін ұсынады» дебат ойындарын, «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік» ток-шоуы, ұлттық құндылықтарға негізделген ашық сабақтары мен тәрбие сағаттарын көре алды.

Іс-шараға жалпы білім беру мектептері, арнайы және мамандандырылған мектеп-интернаттарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысыты.