Размер шрифта:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының облыстық кезеңі
03-10-2024 16:02
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ауыл шаруашылығы  саласы бойынша республикалық кәсіптік шеберлік  конкурсының облыстық кезеңі

      2024 жылдың 3 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК базасында  «Ветеринария», «Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету»  құзыреттері бойынша ауыл шаруашылығы саласының педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңін ұйымдастырып, өткізді.

Конкурстың мақсаты ауыл шаруашылығы саласы бойынша мамандық оқытушыларының кәсіби мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін тарату және дәріптеу болып табылады.

Конкурс бірнеше кезеңдерде өткізілді, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Конкурсқа Қарағанды облысы колледждерінің 7 педагогы қатысты.

Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы сыни тұрғыдан бағалады. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Ветеринария» құзыреті бойынша

1 орын - Свиденко Василий Петрович, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

2 орын - Айбосын Қуаныш Рахымберліұлы, «Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;

3 орын - Ибраев Ардақ Мейрамұлы, «Шет агротехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы.

 

«Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету»  

1 орын - Алишеров Нуржан Амантаевич, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;

2 орын - Толеуканов Максат Советович,  «Шет агротехникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;

3 орын - Тишбаев Кайрат Бейсенович, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.