Размер шрифта:
«Тарихи тұлғалар» тақырыбында облыстық тарихи-өлкетану ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
14-04-2016 11:22
«Тарихи тұлғалар» тақырыбында облыстық тарихи-өлкетану ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

     Студенттер мен оқытушылардың әрбір оқу жылындағы өлкетану ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорытындылап, жобаларын ұсыну мақсатында 2016 жылдың 14 сәуірінде Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде «Тарихи тұлғалар» тақырыбында облыстық тарихи-өлкетану ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

     Конференция жастардың өз өлкесіне деген қызығушылығын ояту және патриоттық сезімге тәрбиелеу, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, зерттеу жұмыстарының  дағдыларын дамыту, студенттік жастар арасында өлке туралы білімдерін жария ету тәрізді міндеттерді алдыға қойып, аталған міндеттерді шешу жолында жұмыс жасады. 

Конференция негізгі төр бағытта өрбіді:

1.   «А.Бөкейханов қазақ халқының атақты ұлы».

2.   «1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына орай: қатысушыдан ұлағатты қайраткерге айналу»

3.   «Ел тарихы-адам тағдырында»

4.   «Өлкеміздің тарихындағы белгілі тұлғалар».

     Конференцияға колледж оқытушылары мен студенттері,облысымыздың ЖОО-ның студенттері қатысып, ғылыми бағыттағы жұмыстарын қорғады.  

     Сонымен қатар конференцияның салтанатты ашылу рәсімі кезінде тарих пәні бойынша өткен «Ең үздік әдістемелік» әзірлеме байқауының қортындысы жасалынып, жүлдері орындар анықталды:

 «Кіріктірілген сабақ» номинациясы бойынша:  

- 1 орын - Цай Д.В., Султанова Г.Е.Қарағанды кәсіби-техникалық колледжі (тарих-информатика)

- 2 орын - Гептинг В.Н., Свердлова Е.А. Қарағанды кәсіби-техникалық колледжі (тарих-математика)

- 3 орын – Коликова О.Ю., Тостубаева Ж.Н. Теміртау кәсіби-техникалық колледжі (тарих –ағылшын тілі)

  «Ашық сабақ» номинациясы бойынша:

 - 1 орын Ковалева Е.Ф. Қарағанды агротехникалық колледжі

-  2 орын Карпова С.В. Қарағанды агротехникалық колледжі

 - 3 орын Кусаинова К.К. Жезқазған политехникалық колледжі