Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының облыстық кезеңі
03-10-2024 16:08
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ауыл шаруашылығы  саласы бойынша республикалық кәсіптік шеберлік  конкурсының облыстық кезеңі

       2024 жылдың 2-3 қазанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК базасында «Слесарлық іс», «Дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттері бойынша ауыл шаруашылығы саласының педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңін ұйымдастырып, өткізді.

Конкурстың мақсаты ауыл шаруашылығы саласы бойынша мамандық оқытушыларының кәсіби мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін тарату және дәріптеу болып табылады.

Конкурс бірнеше кезеңдерде өткізілді, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Конкурсқа Қарағанды облысы колледждерінің 6 педагогы қатысты.

Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы сыни тұрғыдан бағалады. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Слесарлық іс» құзыреті бойынша

1 орын - Байсары Балаби Ерғалиұлы, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;

2 орын - Маратов Дастан Думанулы, «Шет агротехникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;

3 орын - Мубараков Ержан Толеутаевич, «Бұхар-Жырау агротехникалық колледжі» КМҚК  өндірістік оқыту шебері;

3 орын - Маханбетов Куаныш Жолдасович, «Теміртау кәсіптік -техникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері.

 

«Дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету» құзыреті бойынша

1 орын - Байсаринов Ергали Вахитович, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;

2 орын - Абдрахманов Кайржан Боранкулович, «Шет агротехникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.