2024 жылдың 30 қыркүйегінде Саран қаласындағы «№13 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында «943 – нысаналы мектептерді дамыту» жобасын іске асыру шеңберінде «Сабақтастық. Біз бір командамыз» дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мәселелерін шешу арқылы жұмысты жандандыруға ықпал ету, ынтымақтастықтың тиімді тетіктерін анықтау мақсатында өткізілді.
Кездесу барысында бірінші сынып оқушыларының 38%-ы 1-сыныпқа мектеп алды дайындықсыз келетіндігі, бұл олардың ортаға бейімделуіне кері әсерін тигізетіні және мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастықтың жүйесіздігі жайлы мәселелер талқыланды.
Бірлескен жұмыс жоспарына мектепке дейінгі ұйымдардың үшін ашық есік күндерін өткізу, мектеп мұражайына экскурссия, тәжірибе алмасу және ата-аналар жиналысына қатысуды іс-шараларын енгізу туралы шешім қабылданды.