Облыстық «Жігер» жастар қозғалысының аясында 2016 жылдың 15 сәуірінде Қарағанды технико-құрылыс колледжінде жас кәсіпкерлер клубының құрамына кіретін колледж студенттері мен үйлестірушілеріне арналған «Жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында бизнес-тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты: жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлік жайлы кеңінен ақпараттандыру және алған білім-білік дағдыларын тәжірибеде қолдануға баулу.
Тренингке 13 колледжден 140 студент қатысты.
Қарағанды қаласы жас кәсіпкерлер Ассоциациясының бас директоры Н.Ж. Абдыкалыков клуб мүшелеріне арнап «Капиталсыз өз бизнесіңді жолға қою» тақырыбында тренинг өткізді.
«Өз бизнесіңді бастау жолдары» тренингінде «Нұр Жастар» білім беру орталығының жас кәсіпкері, Қарағанды технико-құрылыс колледжінің студенті Дмитрий Морозов өзінің тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараның соңында аталған колледждің студенттері қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынды.