Размер шрифта:
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ, педагогика факультетімен бірлесе өткізілген Облыстық педагогикалық олимпиада
11-10-2024 11:46
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ, педагогика факультетімен бірлесе өткізілген Облыстық педагогикалық олимпиада

2024 жылдың 11 қазанында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің педагогикалық факультетімен бірлесіп,облыстық педагогикалық олимпиада өткізді. Олимпиада «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 40 жылдығына орай ұйымдастырылып, «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып облыстық бейіндік жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді.

Пәндік олимпиаданың негізгі мақсаты білім беру ұйымдарының бітіруші сыныптарының неғұрлым белсенді және дарынды білім алушыларын, сондай-ақ колледж білім алушыларының пәндік білімі мен дағдыларының деңгейін, олардың кәсіби-педагогикалық қызметте қажетті кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасуын анықтау және қолдау болды.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды:

Бірінші кезең – эссе (үй тапсырмасы/мектеп оқушыларына 100 сөз, колледждерге -150 сөз), қатысушылар «Менің мұғалім мамандығы туралы ойларым», «Менің қалауым – «Мұғалім болу», «Мұғалім – мамандық немесе өмірлік ұстаным?» тақырыбында эссе жазды.

Екінші кезең - бір дұрыс жауабы бар сұрақтар қарастырылған және жалпы педагогика бойынша сұрақтарды қамтитын тест тапсырмаларын орындау.

Үшінші кезең (ақтық/1 және 2 кезеңдердің нәтижелері бойынша шекті балл жинаған қатысушыларға рұқсат етілді) – «Мұғалім - болашақты құрушы адам» тақырыбындағы презентация.

Олимпиадаға қатысушыларды келесі құрамдағы тәуелсіз құзыретті қазылар алқасы бағалады: комиссия төрайымы - С.К.Абильдина, п.ғ.д.,  «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ профессор-зерттеушісі; комиссия төрайымының орынбасары - Т.Г.Нартова, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысының орынбасары; комиссия мүшелері – Ж.Б.Жумабаева, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімі әдіскері; М.Е.Кисабекова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты аға оқытушысы; А.З.Мухамедьярова, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің меңгерушісі; А.О.Мухаметжанова, п.ғ.к, «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ қауымдастырылған профессоры; А.К.Шадетова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты аға оқытушысы; Б.К.Шаушекова, п.ғ.к, «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ қауымдастырылған профессоры.

Байқау кезеңдерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берубағыты бойыншамемлекеттік тілде:

1 орын – Алдажан Б.Ы., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК;

2 орын – Төлегенова І.А., «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ;

3 орын – Рыстай А.Е., «Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берубағыты бойыншаорыс тілінде:

1 орын – Кушнарева В.С., «Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК;

2 орын – Назарова Е.Ю., «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ;

3 орын – Барабанова Я.Д., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК.

Жалпы орта білім берубағыты бойынша мемлекеттік тілде:

1 орын – Амангелдіқызы А., «Бүркітті ауылының №20 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

2 орын – Есенова А.А:, Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ;

2 орын – Жеңісбек А.А., «М.Жұмабаев атындағы гимназия» КММ;

3 орын – Серік Г.Б., «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РО) жанындағы интернаты» КММ;

3 орын – Умирзахова А., Теміртау қаласы білім бөлімінің «№9 лицейі» КММ;

3 орын – Юсуп Ә., «№66 мектеп-лицей» КММ.

Жалпы орта білім берубағыты бойынша орыс тілінде:

1 орын – Якшина М.А., «№45 гимназия» КММ;

2 орын – Дятлик К.С., Теміртау қаласы «№20 мектеп-лицейі» КММ;

2 орын – Берикова А.Б., Абай ауданы білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейі» КММ;

3 орын – Назарко Р.Р., «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ;

3 орын – Белько В.Д., «Жартас жалпы білім беретін мектебі» КММ;

3 орын – Сембек А., Саран қаласы «№17 мектеп-гимназиясы» КММ.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды, қатысушыларға сертификаттар табысталды.