2024 жылғы 10 қазанда Қарағанды облысының «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында 2024-2025 оқу жылында колледждерде оқу процесін ұйымдастыру, «Оқу ісі жөніндегі Жас орынбасар мектебінің» қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырыс барысында студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) және педагогтың жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысын (ПСӨЖ) ұйымдастыру мәселелері қаралды, осы мәселе бойынша СӨЖ мен ПСӨЖ көлемі мен мазмұнына қойылатын талаптар мен ұйымдастыруға басты назар аударылды.
Сондай-ақ, «Оқу ісі жөніндегі жас орынбасар мектебі» қызметінің негізгі бағыттары қаралды және талқыланды: мектептің ережесі мен жұмыс жоспарын әзірлеу, жас орынбасарлардың кәсіби құзыреттерін бейімдеу және дамыту, әдістемелік көмек, оқу жұмысы жөніндегі тәжірибелі орынбасарлар тарапынан тәлімгерлікті ұйымдастыру.
АСУ «Білімал». Электронды колледж» электрондық журналдарды жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесімен, «Platonus-College» оқытуды басқару жүйесімен «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК директорының орынбасары С. Д. Джұманқұлова және «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Р. М. Ишанкулова бөлісті, олар оқу процесін ұйымдастыруда жүйелерді электрондық журналдарды (теориялық, өндірістік және жеке) жүргізу ретінде пайдаланудың артықшылықтарын, колледждің оқу жұмыс жоспарларын, оқытушылардың жүктемесін, әр топ бойынша әр семестрге арналған жиынтық ведомостарды, транскрипт, білім алушының үлгерім кітапшасын қалыптастыруды атап өтті.
Бұл бағалау және бақылау процесін ашық, объективті етуге мүмкіндік береді, оқытушылар мен әкімшілердің уақыт пен еңбек шығындарын үнемдеуге көмектеседі, сонымен қатар студенттер мен олардың ата-аналары ағымдағы үлгерімді бақылауға мүмкіндік алады.
Отырысқа директордың оқу жұмысы жөніндегі 8 орынбасары, жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Отырыс сонында қорытындылар шығарылды, «Оқу жұмысы бойынша Жас орынбасар мектебінің» ережесін әзірлеу мерзімдері айқындалды, шешімдер қабылданды: іс-шаралар үшін өзекті тақырыптарды анықтау мақсатында оқу жұмысы бойынша жас орынбасарлар арасында сауалнама жүргізу; «Talap» КЕАҚ-да СӨЖ және ПСӨЖ көлемі мен мазмұнына қойылатын талаптар мен ұйымдастыру бойынша проблемалық мәселелер мен ұсыныстар дайындау.