Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 14 қазанда құпиялылық режимінен шыққан тапсырмалар негізінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту бойынша география мұғалімдеріне арнап нетворкинг өткізді.
Мақсаты: Құпиялылық режимінен шыққан тапсырмалар негізінде білім алушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар жасау кезінде педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.
Нетворкинг барысында облыстың география пәнінің жетекші мұғалімдері: Г.Н. Чистякова, Б.Г. Шарбекова «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, А.М. Мұқашева, К.Е. Ертаев, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ өз тәжірибелерімен бөлісті. Педагогтер жаратылыстану-ғылыми сауаттылыққа бағытталған білім алушылармен жұмыстың тиімді нысандарын және құпиялылық режимінен шыққан тапсырмалардын шешу жолдарын көрсетті.
Қамту 100 адамды құрады.