Размер шрифта:
«Білім беру Робототехника» облыстық жобасы аясындағы шеберлік сыныптары
16-10-2024 17:01
«Білім беру Робототехника» облыстық жобасы аясындағы шеберлік сыныптары

      2024 жылғы 16 қазанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Білім беру Робототехникасы» облыстық жобасын іске асыру аясында тәжірибемен алмасу мақсатында шеберлік сыныптары өткізілді.

Шеберлік сыныптар барысында келесі тақырыптар тындалды:

  1. «Робототехника» жобасын іске асыру туралы», «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы» КМҚК ақпараттық технологиялар бөлім меңгерушісі Сартаева Жансая Ахмедьяновна.
  2. «Ұлттық және спорттық ойындарды робот техникасымен ойнау және оның ерекшеліктері» тақырып бойынша, Ибраев Еркебұлан Аманжолович, Қарағанды қаласы «№36 ЖББМ» КММ, информатика пәнінің мұғалімі.
  3. «Интернет вещей на Ардуино» тақырып бойынша, Бирюков Павел Петрович, Нұра ауданы «Қошқарбаев Р. атындағы ЖББМ» КММ, информатика пәнінің мұғалімі.
  4. «2024-2025 оқу жылына арналған робототехника бойынша іс-шараларды жоспарлау», «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері Байбусинов Есентай Айдарулы.