«Еңсең биік, тұғырың берік болсын, Тәуелсіз Елім!» атты Қазақстан Республикасы күніне арналған облыстық студенттік эссе байқауының қорытындысы
22-10-2024 13:44
«Еңсең биік, тұғырың берік болсын, Тәуелсіз Елім!»  атты Қазақстан Республикасы күніне арналған облыстық студенттік эссе байқауының қорытындысы

      2024 жылдың 22 қазанында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК және «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 25 қазан Қазақстан Республикасы күніне арналған  «Еңсең биік, тұғырың берік болсын, Тәуелсіз Елім!» атты облыстық студенттік эссе байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, тарихи өткенге, Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Байқаудың қорытынды кезеңінде Елубаев Бауыржан Санакович, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК директоры «Патриоттық тәрбие-рухани дамудың ерекше белгісі» тақырыбында сөз алып, қатысушыларды Қазақстан Республикасы күні меркесімен құттықтады.

Байқауға техникалық және кәсіптік, орта білмен кейінгі білім беру ұйымдары студенттері қатысты, барлығы 46 жұмыс қабылданды, оның ішінде мемлекеттік тілде - 27,  орыс тілінде -19 жұмыс.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындардың иегерлері анықталды.

Мемлекеттік тілде:

 1 орын - Қуаныш Жанерке Қуанышқызы,  «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті;

 2 орын – Еркебаев Темирлан Саятович, «Қазақстан Республикасының  Халық қаһарманы» Ракымжан Қошқарбаев атындағы  Балқаш  техникалық колледжі» КМҚК студенті;

3 орын - Рымбек Ерасыл Асылбекұлы, «Қарағанды көлік-технологиялық  колледжі» КМҚК студенті.

Орыс тілінде:

1 орын - Смолин Даниил Любимович, «Қарағанды кәсіптік-техникалық  колледжі» КМҚК студенті;

2 орын - Баринова Дарья Алексеевна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК студенті;

3 орын - Клевцова Дарья Алексеевна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті.

Байқау жеңімпаздары Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.