Размер шрифта:
Педагог қызметкерлердің «Оқушылардың функционалдық сауаттылығы: өзекті мәселелер және шешу жолдары»ғылыми-тәжірибелік конференциясы.
15-04-2016 13:27
Педагог қызметкерлердің «Оқушылардың функционалдық сауаттылығы: өзекті мәселелер және шешу жолдары»ғылыми-тәжірибелік конференциясы.

       2016 жылдың 15 сәуірінде  он-лайн режимде Қарағанды облысы педагогқызметкерлерінің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияны  Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорыГ.Ш.Қожахметоваашты.Өзінің баяндамасында ол 2016-2019 жылдарға арналған білім берудің жаңа басым бағыттарында  оқушылардың функционалдық сауаттылығына ерекше көңіл бөлінгені туралы айтып өтті.Г.Ш.Қожахметова педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру бойынша орталықпен жүзеге асырылатын негізгі іс-шараларға тоқталды. 

       «Үздік тарихшы», «Табыс элементтері», «Кәсіпқой-мұғалім», «ХХІ ғасырдың сабағы» кәсіби байқауларының қорытындылары бойыншажеңімпаздар аталып шықты.

       «Таным»жобасын жүзеге асыру барысы туралы ҚО ББД   директордың орынбасары Б.Х. Әбдикерова сөз сөйледі.

        Облыстық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция  аясында«Біздің мүмкіндіктеріміз (мұғалімнің функционалдық сауаттылығы)»байқауының үшінші қорытынды кезеңі өтті.

      «Біздің мүмкіндіктеріміз (мұғалімнің функционалдық сауаттылығы)» облыстық конкурсы, облыс педагогтарын функционалдық сауаттылық пен педагогикалық шеберлік деңгейлерін арттыруға ынталандыру мақсатында өтті. 

     Үшінші айналымда командаларға қойылған мақсатқа жету дайындығын көрсетуге мүмкіндік беретін, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту аспектілерінің бірін ойын түрлері арқылы ашу ұсынылды.

    Конференцияның пленарлық бөлімінен кейін, жаратылыстану пәндері мен тарих мұғалімдерінің секциялық отырысының жұмыстары жалғастырылды.