Размер шрифта:
2016 жылдың 22 сәуірінде Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ базасында физика пәні мұғалімдерінің облыстық форумы өткізіледі.
22-04-2016 06:09

   Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 22 сәуірінде Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ базасында физика пәні мұғалімдерінің облыстық форумы өткізіледі.

Форум бағдарламасында:

1.     Физика пәні мұғалімдерінің шығармашылық зерттеушілік жобаларының байқауы «Болашақ балалардың қолында» ( ЭКСПО-17 қарсаңында) (сағат 9.00 - 10.00).

2.     Қарағанды облыстық білім басқармасы, ББД ОӘО, ҚарМУ, ХББ НЗМ өкілдерінің  қатысуымен пленарлық отырыс (сағат 10.00 - 12.00)

3.     Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ физика – техникалық факультеті зертханаларына экскурсия (сағат 12.00 – 13.00).

4.     Физика пәнін оқытуда кездесетін проблемалық сұрақтар бойынша пікірталас алаңдары(сағат 14.00 – 16.30).

5.     Форумның жабылуы(сағат 16.30 – 17.00).

 

Өткізілу уақыты:22 сәуір 2016 жыл

Тіркелудің басталу уақыты:08.00.

Өткізілу орны:Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ