Размер шрифта:
ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН КҮЗГІ МЕКТЕБІ
28-10-2024 17:17
ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН КҮЗГІ МЕКТЕБІ

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 28 қазанда күзгі мектеп аясында тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін арттыру мақсатында шеберлік сыныптарын өткізді. Шеберлік сыныптар  барысында педагогтар Қазақстан тарихы сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Педагогтер тарихи карта, тарихи тұлғалар, тарихи шайқастар бойынша тапсырмалардың шешімін көрсетті, сондай-ақ ел экономикасының тарихын ұсынды. Спикерлер тыңдаушылардың назарын Қазақстан Республикасының тарихын зерделеу бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға аударды.

Ұстаздарға  жақсы атмосфера, тыңдаушылардың жақсы пікірлері, алған білімдері одан әрі жұмыс істеуге жақсы мотивация болды.

 Барлығы облыстың 200-ден астам педагогы қатысты.