«ПМПК: МЕКТЕППЕН ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТ НЕГІЗДЕРІ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
29-10-2024 17:23
 «ПМПК: МЕКТЕППЕН ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТ НЕГІЗДЕРІ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

      29 қазанда оқу-әдістемелік орталық базасында облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК) басшыларының, білім бөлімдері әдіскерлерінің, жалпы білім беретін мектеп  директорлары орынбасарларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында ПМПК мен мектептің оқыту мен тәрбиелеуде қиындықтары бар балаларды уақтылы анықтау, олар үшін арнайы жағдайлар жасау бойынша өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды, сондай-ақ арнайы сыныптарды ашу, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру, үйде оқыту бойынша түсініктемелер берілді.

Іс-шараны өткізу жергілікті жерлердегі негізгі қиындықтарды анықтауға мүмкіндік берді, бұл одан әрі бірлескен жұмыс үшін негіз болады.