Размер шрифта:
«Ұлттық мұрам-қазынам»
29-10-2024 18:09
«Ұлттық мұрам-қазынам»
      2024 жылғы 29 қазанда Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Алёнушка» КМҚК балабақшасында Саран қаласының балабақшалары үшін тарихи функционалдық сауаттылық апталығының тәжірибесін қорытындылау мақсатында семинар-практикум ұйымдастырды.
 
Семинар-практикумға Қарағанды және Саран қалаларының балабақша педагогтары қатысты. Әр түрлі шығармашылық жұмыстар ұсынылды: «Айтыс», «Қарлығаш туралы аңыз» ертегісін сахналау, құм терапиясы, орындаушылық өнер, қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысу, сондай-ақ Саран қаласының көрнекті орындарымен танысу.
 
Ұсынылған шеберлік сабақтары балалармен, ата-аналармен, сондай-ақ педагогтармен жұмыс істеуде тиімді болды. Педагогтар өздерінің туған өлкесінің және еліміздің тарихына әртүрлі іс-әрекеттер арқылы терең бойлады. Әр педагог күнделікті жұмысында пайдалануға болатын мол тәжірибе мен білім қорын жинады. Шеберлік сабақтарына белсенді қатысу педагогтарға көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер алып келді. Семинарға 25-тен астам балабақша педагогтары қатысты.