2024 жылдың 30 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімі «Педагогтердің кәсіби дамуы» бағыты бойынша «Білім берудегі инновация: цифрландыру табыстың негізгі факторы ретінде» тақырыбында колледждердің жас педагогтеріне арналған облыстық семинар өткізді.
Оқу процесінде қолданылатын инновациялық технологиялар бойынша ақпарат беру, тәжірибе алмасу, педагогикалық шеберлікті жетілдіру мақсатында ZOOM платформасында өткізілген семинарға облыс колледждерінің 176 жас педагогтары қатысты.
Семинарды Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Т.Г.Нартова «Оқу практикасындағы цифрлық трансформациялар: оқытудың жаңа технологиялары мен әдістері» тақырыбымен ашты. Одан кейін Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері А.А.Кнашина «Педагогтердің кәсіби дамуы: «Алға қадам» жобасының жүзеге асырылуы» тақырыбында сөз сөйледі.
Семинардың негізгі бөлімінде бағдарламаға сәйкес облыс колледждерінің жас педагогтары келесі тақырыптар бойынша өз тәжірибелерін ұсынды:
- «Білім берудегі күнделікті міндеттерді шешуге арналған ЖИ құралдары», Жолдыбаев М.А., «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;
- «Информатика сабақтарында жасанды интеллектті қолдану», Омiржан А.Б., «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ информатика пәні оқытушысы;
- «Білім берудегі трендтер: педагог мамандарды даярлауда білім берудегі трендтерді қолдану», Даян М., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК педагогика оқытушысы;
- «Ағылшын тілі сабақтарына дайындық кезінде жасанды интеллектті қолдану. Twee. Magic school», Корчагина Е.И., Чернышева А.А., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК ағылшын тілі оқытушылары;
- «Цифрландыру және арнайы пәндер сабақтарында жасанды интеллектті пайдалану», Манашева Д.А., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы.
Семинар соңында рефлексия өткізіліп, қорытындылар шығарылып, ұсыныстар берілді.