«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМИ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» тақырыбында КҮЗГІ МЕКТЕП
29-10-2024 16:06
 «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМИ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» тақырыбында КҮЗГІ МЕКТЕП

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 29 қазан күні химия пәнінің мұғалімдеріне Күзгі мектеп аясында «Жаратылыстану ғылыми сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында шеберлік сыныптар өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.

Шебер сынып барысында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

  • Сулеймбекова Зарина Сериковна, химия пәнінің мұғалімі Теміртау қаласы «№20 мектеп-лицейі» КММ (Мастер-классы по заданиям вышедший из конфидициальности международного исследования PISА);
  • Алибекова Гульнара Асанбековна, химия пәні мұғалімі Қарағанды қаласы «№74 ЖББМ» КММ  (Химия пәнін оқытудағы функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмаларының тиімділігі);
  • Кайсабекова Светлана Миллиардовна, химия, биология пәндерінің мұғалімі Нұра ауданы «С.Сейфуллин атындағы ЖББМ» КММ (Применение инновационных приёмов и способов развития ФГ на уроках химии и биологии);
  • Абдрахманова Айгуль Бактыяровна Қарқаралы ауданы Ақтасты ауылының №32 ЖББМ химия пәнінің мұғалімі  (Химия пәнінде ұлттық құндылыққа негізделген тапсырмаларды пайдалану тиімділігі).