«Мұғалім тәжірибесіндегі «Lesson Study»
28-10-2024 16:18
«Мұғалім тәжірибесіндегі «Lesson Study»

      «Қарағанды облысысының білім беру дамыту оқу-әдістемелік орталығы»  2024 жылғы 28 қазан  айында күзгі мектеп аясында «Lesson Study»  ерекешеліктері және кезеңдері. Проблема және зерттеу сұрағын құрастыру» атты семинар онлайн-форматында өткізді.

Семинардың мақсаты мұғалімдердің кәсіби білімі мен зерттеушілік дағдыларын дамытуға,  және өз тәжірибесін жетілдіруге, білім сапасын жақсартуға  бағытталыған.

Семинарға Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалалаларының, сондай –ақ   Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет аудандарынан 140 –тан астам нысаналы мектептердің  педагогдтері  қатысты.

Семинар барысында қатысушылар «Lesson Study»  модельдері туралы,  сценарийлерінің ерекшеліктері мен жүзеге асыру жолдары туралы білімі мен түсінігін кеңейтіп, зерттеу сұрағын тұжырымдап, құрастыру тәсілдерін талқылай алды.

Семинар аяғында өткізілген рефлексия  қатысушыларға өз тәжірибесін жетілдірудеге үдерісін  және зерттеудің ролін түсінуге көмектесті.