Размер шрифта:
2016 жылдың 19 сәуірінде Теміртау политехникалық колледжінде директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларының және әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
19-04-2016 11:44

    Отырысты алғысөзбен Теміртау политехникалық колледжінің директоры Абишев Айдар Ақылсерикович және ҚО ББД ОӘО әдіскері Нартова Татьяна Георгиевна ашты.

    Теміртау политехникалық колледжінің әдіскері Жанисова Роза Нурахметовна қатысушылар назарына «Жас оқытушылар мектебі» жұмыс тәжірибесін ұсынып, тәжірибелік бөлімде «Әдістемелік зертхана жас оқытушының кәсіби мәдениетін дамытудың бір түрі ретінде» тақырыбындағы жұмыстарын көрсетті.  Аталған колледждің оқытушысы Молдабаева Жанар Шайзадаевна «Сабақ жоспарын құрастыруды жүйелендіру» тақырыбында баяндама ұсынды.

    ОӘБ жетекшісі Жакупова Куляш Зауытбаевна 2015-2016 оқу жылындағы жасалған жұмыстарды қорытындылап, тұжырымдады. Сауалнама жүргізу әдісі арқылы болашақта қаралатын маңызды тақырыптар анықталып, 2016-2017 оқу жылында өткізілетін іс-шаралар талқыланды.

    Сонымен қатар колледж әдіскерлері арасындағы «Үздік әдістемелік әзірлеме-2016» байқауының нәтижесі жарияланып, жеңімпаздар марапатталды:

    1 орын – Жанисова Роза Нурахметовна, Теміртау политехникалық  колледжінің оқытушысы;

    2   орын – Капанова Ирина Хамзеевна, Қарағанды маңызды білім беретін «Болашак» колледжі директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасры;

   3 орын – Темирбаев Мырзатай Акшенович, Жезқазған гуманитарлық колледжінің әдіскері;

   3 орын – Лопатина Наталья Борисовна, Қарағанды коммерциялық колледжінің әдіскері.