ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КҮЗГІ МЕКТЕБІ
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2024 жылдың 28 қазан – 01 қарашасы аралығында физика пәнінің мұғалімдері үшін Күзгі мектеп жұмысы ұйымдастырылды.
Күзгі мектеп аясында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында шеберлік сыныптар өткізілді. Шеберлік сыныптар барысында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыру мақсатында физика пәнінің мұғалімдерімен келесі тапсырмалар қарастырылды: «Су электр станциясы», Реттемелі көзілдірік», «Ыстық ауа-райында жүгіру», «Энергия үнемдейтін үй» және т.б.
Облыс бойынша барлығы 1000-ға жуық физика пәнінің мұғалімдері қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz










