Орыс тілі мен әдебиет пәнінің жас мұғалімдеріне арналған «Табыс симфониясы» байқауының бірінші кезеңі өткізілді
31-10-2024 18:33

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 31 қазан айында орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне арналған «Табыс симфониясы» байқауының «Өзін-өзі таныстыру» бірінші кезеңін өткізді.  Бірінші кезеңге орыс тілі мен әдебиет пәнінің 9 жас педагогы қатысты. Байқауға қатысушылар 5 минут ішінде мәселелерін, міндеттері мен нәтижелерін еркін түрде тұжырымдап, өздерінің педагогикалық қызметінің негізгі идеяларын сипаттады.

Байқаудың екінші кезеңіне өздерін және педагогикалық имиджін лайықты көрсеткен барлық қатысушылар өтті. Қазылар алқасы мүшелері жас мамандарды ерекше атап өтті, олар: Сүлеймен Аида Сағатқызы, Мисюрин Сергей Сергеевич, Бақытжанқызы Әйгерім, Мишутина Лидия Александровна. Бірінші кезеңнен екінші кезеңге сәтті өткен мұғалімдер «Тәжірибе мен тәлімгерлік симфониясы» тақырыбында эссе жазуы керек (тәжірибелі әріптестердің кеңестері мен жеке жаңалықтарды ашу үйлесімі  жас мұғалімнің дамуына көмектеседі).       

Барлық қатысушыларға келесі кезеңде сәттілік тілейміз.