Құпиялылық режимінен шыққан тапсырмалар негізінде жаратылыстану -ғылыми сауаттылығын дамыту бойынша нетворкинг
04-11-2024 18:56
Құпиялылық режимінен шыққан тапсырмалар негізінде жаратылыстану -ғылыми сауаттылығын дамыту бойынша  нетворкинг

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 4 қараша құпиялылық режимінен шыққан тапсырмалар негізінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту бойынша география мұғалімдеріне арнап нетворкинг өткізді.

Мақсаты: Құпиялылық режимінен шыққан тапсырмалар негізінде білім алушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар жасау кезінде педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.

Нетворкинг барысында Балқаш қаласының облыстың география пәнінің жетекші мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті, Балқаш қаласының география пәнінің мұғалімдері «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Рамазанова Алтынай Жасұланқызы, «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Хуатбек Кунсауле Куатовна, жаратылыстану-ғылыми сауаттылыққа бағытталған білім алушылармен жұмыстың тиімді нысандарын көрсетті. Педагогтар құпиялылық режимінен шыққан тапсырмаларды шешу жолдарын көрсетті.

Қамту 100 адамды құрады.