Размер шрифта:
«Ұлттық құндылықтар ұлықталған құрылтай» атты облыстық сынып жетекшілерінің I құрылтайы
01-11-2024 19:00
«Ұлттық құндылықтар ұлықталған құрылтай» атты облыстық сынып жетекшілерінің  I  құрылтайы

        2024 жылдың 1 қарашасында Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  «Ұлттық құндылықтар ұлықталған құрылтай» атты  сынып жетекшілердің I құрылтайын өткізді.

Құрылтай рухани-адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты дамыта отырып,  ұлттық мәдени құндылықтарды оқушының бойына  үйлесімді сіңіру  бойынша сынып жетекшілерінің озық тәжірибесімен алмасумақсатында өткізілді.

Облыстық құрылтай үш блоктан тұрды: көрме, сынып сағаттары мен сыныптан тыс жұмыстарды көрсету, пленарлық отырыс.

Облыстық сынып жетекшілерінің құрылтайы білім беру, пікірталас және мәдени бағдарламаларды қамтыды.

Құрылтай жұмысының бірінші блогы келесі бағыттар бойынша  көрме түрінде ұсынылды: «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы», «Өнегелі 15 минут», «Үнемді тұтынуды» қалыптастырып, «Қамқор», «Еңбегі адал – жас өрен», «Шабыт», «Ұшқыр ой алаңы», «Балалар кітапханасы» жобалары арқылы жүзеге асырылды.

Екінші блоктың жұмысы екі бөлімнен тұрды: сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар. Сынып сағатының жұмысына автопатрульдеу қызметінің өкілдері – полиция инспекторлары А. Ерген,  Д. Садуакас,  ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті  жанындағы ақпаратты-ағарту пулының өкілі Жұмабеков Бейбіт Қайыржанұлы қатысты.

Сыныптантыс іс-шаралар «Даналық мектебі» жобасын іске асыру арқылы ата-аналармен бірлескен жұмысты көрсетті.

Пленарлықотырыстың модераторы – Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшысы Б. Х. Абдикерова сынып жетекшілер қызметінің қазіргі жағдайдағы стратегиялық бағыттары және олардың кәсіби даму мүмкіндіктеріне тоқталып, құрылтай қонақтарына сөз берді. Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Күліш Төлеуханқызы мен «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы Мұсабек Ерсін Кәрібайұлы сынып жетекшілерінің қызметін әдістемелік сүйемелдеу мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісті.

«Үздіксынып жетекші» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарына дипломдар мен  ақшалай сыйлықтар табысталып, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар берілді. Марапаттау рәсімінің демеушісі –  «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одақтың Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі.

       «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізілген құрылтай мектеп оқушыларының, ата-аналардың  рухани-адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты насихаттау үлгісінде өтті.

Құрылтайға 400-ден аса сынып жетекшілер мен мектептің тәрбие жөніндегі орынбасарлары қатысты.