Размер шрифта:
ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ
13-11-2024 11:59
ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 11 қарашада мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының химия және биология пәндері мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысын өткізді.

      Отырыс шеңберінде оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері З.И. Тукбаева 2024-2025 оқу жылы І тоқсанда химия және биология пәндері бойынша атқарылған әдістемелік жұмыстарға тоқталды.

      Жаратылыстану-математикалық бағытының бірлестік жетекшілерінің І тоқсан білім сапасының қорытындысы: «Жамбыл атындағы ММЛИ» (Хасенова Сауле Төкеновна), «Мұрагер» ММЛИ (Ахметова Гулзира Елубаевна), «Дарын» ММЛИ КММ (Карибаева Айжан Мауленовна) тыңдалып, ұсыныстар берілді.

Рефлексия қорытындысы бойынша отырыс барысында қаралған мәселелердің өзектілігі атап өтілді. 19 мұғалім қамтылды.