2024 жылдың 8 қараша күні «Қарағанды облысыныңбілім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» Қарағанды қаласының №53 мектеп-лицейінде «Ә.Х. Марғұлан - Қазақстан археологиясының негізін қалаушы» облыстық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференцияның серіктестеріретінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу Университетінің тарих факультетінің «Археология, этнология және Отандық тарих», «Дүниежүзі тарихы және халықаралық қатынас» кафедралары мен «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығықатысты.
Конференцияның құрметті қонақтары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу Университетінің тарих факультетінің профессоры,Қарағанды облысындағы археологиялық қазбалар жетекшісі, Қазақстанның белгілі археолог ғалым Ә.Х . Марғұланның шәкірті болған Жауымбаев Сағындық Убаевич және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу Университетінің тарих факультетінің «Дүниежүзі тарихы және халықаралық қатынас» кафедрасы меңгерушісі, PhD докторы,доцент Кенжеғали Жарас Маканович.
Конференцияға Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының, лицей, гимназия, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың барлық деңгей педагогтері, соның ішінде бастауыш сынып мұғаілмдері, тарих, география, құқық негіздері, қазақ тіл мен әдебиет, көркем еңбек пән мұғалімдері қатысты.
Пленарлық отырыста біздің облыс педагогтері академик, өнертанушы, әдебиетші, тарихшы, шығыстанушы, археолог, қазақ халқының ғалымы Әлкей Марғұланның мол мұрасы бойынша зерттеу, білім ізденіс жұмыстарын көрсетті.
Оның сан қырлы қызметінің түрлерін спикерлер төрт секция жұмысында ашты:№ 1. «А.Марғұлан және қазіргі заманғы археология», №2. Әдебиеттанушы, этнограф, фольклоршы, аудармашы Әлкей Марғұлан еңбектеріндегі «Қазақ әлемі», №3 «Қолданбалы өнер мен өскелең ұрпақтың байланысы: А.Х. Марғұлан және қазақ халқының қолданбалы өнері», №4 Әдістемелік қоржын: «Әлемді таң қалдырған академик».
Қатысушылар мен спикерлер конференция жұмыс барысында академик Ә. Х. Марғұланның баға жетпес мұраларымен, аз зерттелген фактілермен бөлісті, өскелең ұрпақты ұлттық тарихты дамыту, белсенді азаматтық ұстаным, патриотизм құндылықтары негізінде тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісті.
Облыстық конференциясының жұмыс нәтижесі Ә.Х.Марғұланның мұрасына арналған зерттеу жұмыстар жинағы болды және үздік жұмыстар дипломдармен марапатталды.
I дәрежелі Дипломмен марапатталған педагогтер:
- Қадау Арайлым Ермекқызы, Қарағанды қаласы, «№74 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ , тарих пәні мұғалімі
- Қалкенов Сұңғат Ибрагимұлы, Балқаш қаласы, «әл Фараби атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ , тарих пәні мұғалімі
- Ратникова Татьяна Александровна, Қарағанды қаласы, «К.Нуржанова атындағы гимназия» КММ , тарих пәні мұғалімі
ІI дәрежелі Дипломмен марапатталған педагогтер: :
- Кожахметова Шарбат Маралбаевна, Теміртау қаласы, «Т.Аубакиров атындағы гимназия» КММ , қазақ тілі пәні мұғалімі
2.Абильдина Айжанат Абилхаировна , Қарағанды қаласы, «№15 жалпы білім беретін мектеп» КММ орыс тілі пәні мұғалімі
3.Абдикаримова Назгуль Капашевна, Қарағанды қаласы, «№30жалпы білім беретін мектеп» КММ» технология пәні мұғалімі
- Серік Манас Базарбекұлы, Ақтоғай ауданы , «Қошқар тірек мектебі» , тарих пәні мұғалімі
ІIІ дәрежелі Дипломмен марапатталған педагогтер:
- Нуртазина Булбул Манатовна, Шет ауданы, «Талды жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, география пәні мұғалімі
- Сембаева Ботакоз Сагындиковна, , Бұқаржырау ауданы «Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» , қазақ тілі мұғалімі.
- Молдаханова Айжан, Қарағанды қаласы, «А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия» КММ, технология мұғалімі
- Касембаева Айгерим Оразаловна, Қарағанды қаласы, « №23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, ағылшын тіл пәні мұғалімі
- Мукушева Жанара Нарынбековна, Қарағанды қаласы, «М.Жұмабаев атындағы гимназия» КММ , бастауыш сыныптар мұғалімі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!





umc-ro@umckrg.gov.kz



