Размер шрифта:
Химия, биология пәні мұғалімдеріне арналған «Цифрлық ұстаз» жобасы аясындағы шебер сынып
15-11-2024 11:54
Химия, биология пәні мұғалімдеріне арналған «Цифрлық ұстаз» жобасы аясындағы шебер сынып

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылдың 15 қараша күні «Цифрлық ұстаз» жобасы аясындағы Шет ауданының педагогтері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Байгаскинова Жаркын Зделеуовна, биология пәнінің мұғалімі «Мойынты жалпы білім беретін мектебі» КММ («Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан үлгерімі төмен білім алушыларға қашықтықтан сабақ ұйымдастыру жолдарын іске асыру»);

Абдрахманова Гульбаршын Мухаммедиевна, биология пәні мұғалімі «Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі» («Цифрлық ұстаз» жобасы аясында білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру және бітіру емтихандарына дайындалу, көмек көрсету);

Шакирбекова Гулзада Садуакасова, химия пәнінің  мұғалімі «Мойынты жалпы білім беретін мектебі» КММ «Цифрлық ұстаз» жобасы аясында химия пәні бойынша тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылармен жұмыс жолдары»);

 Бекмаганбетова Гульсара Оразовна, биология пәнінің мұғалімі «А.Ермеков атындағы тірек мектебі (РО) жанындағы интернаты» КММ («Аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістерімен байланысты бұлшық еттердің қажуы. Аэробты және анаэробты тыныс алуға физикалық жүктемелердің әсері»).

Барлығы облыс бойынша 100-ге жуық химия, биология пәнінің мұғалімдері қатысты.