Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің ғылыми-тәжірибел
Отырысты білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының МДжЖББ бөлімі меңгерушісі Г.Б. Сатжанова ашты. Өзінің сөзінде, ол кіші сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасау бойынша педагогтардың қызметтерін жандандыру қажеттілігі туралы айтып өтті.
Секциялық отырыс барысында келесідей бастауыш сынып мұғалімдерінің сөздері тыңдалды:
Амирхаирова Гульмира Жагипаровна, Ишмухаметова Фатыма Янзаковна Қарағанды қаласы, №15 ЖББОМ, орыс тілі және әдебиеті мұғалімдері;
Туткушева Багдат Толегеновна Шет ауданы, Ж.Акылбаев атындағы МГ, ағылшын тілі мұғалімі;
Ситникова Ирина Григорьевна Теміртау қаласы, №14МЛ, орыс тілі және әдебиеті мұғалімдері;
Колесникова Ирина Петровна Қарағанды қаласы, №32 ЖББОМ, орыс тілі және әдебиеті мұғалімдері.
Сөз сөйлеушілер оқу сауаттылығы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру бойынша өздерінің жұмыс тәжірибелерімен, оқушылардың одан әрі әлеуметтенуі үшін сабақтарда стандартты емес тәсілдер мен шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістерін қолдану тәжірибелерімен бөлісті.