Ағылшын тілі сабақтарында заманауи технологияларды пайдалану» тақырыбында шет тілі мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді
19-11-2024 13:25
Ағылшын тілі сабақтарында заманауи технологияларды пайдалану» тақырыбында шет тілі мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді

      2024 жылғы 19 қарашада Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды облысы шет тілі мұғалімдерінің қауымдастығы бірлесіп «Ағылшын тілі сабақтарында заманауи технологияларды пайдалану» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Цой Ксения Петровна, Қарағанды облысы шет тілі мұғалімдерінің қауымдастығының төрағасы Сержан Алтынгүл, Осакаров ауданының «Алихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (РЦ)» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Сеитова Жанагүл Жаугашқанқызы, Теміртау қаласының «№19 орта мектеп» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Семикина Ольга Константиновна және Шет ауданының «Дарья орта мектебі» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Даткина Фариза Қуанышқызы қатысты. Семинарға жалпы Қарағанды облысының 100 педагогы қамтылды.