Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің ғылыми-тәжірибелік конференциясы шеңберінде, 2016 жылдың 20 сәуірінде он-лайн режимде бастауыш сынып мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті.
Отырысты білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының әдіскері Г.Г. Мукашева ашты. Өзінің сөзінде, ол кіші сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасау бойынша педагогтардың қызметтерін жандандыру қажеттілігі туралы айтып өтті.
Секциялық отырыс барысында келесідей бастауыш сынып мұғалімдерінің сөздері тыңдалды:
Айткожина Зауре Батыкановна №4 орта мектеп,Теміртау қаласы;
Мусажарова Мариэтта Эрнасовна, Смеян Елена Юрьевна №1 гимназия, Қарағанды қаласы;
Ахметжанова Макпал Амангельдиевна Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия, Шет ауданы;
Ревтова ОльгаНиколаевна, ГлотоваСветланаЕвгеньевнасредней школы №2орта мектеп, Саранқаласы;
Джанасова Сания Жанболатовна №5 орта мектеп. Егіндібұлак ауылы, Қарқаралы ауданы;
ЛучининаОльгаСергеевна, БулатоваФайруза Фагимзяновна №14мектеп-лицей, Абайауданы;
Тезекова Жумакул Ескермесовна Атасу орта мектебі, Жаңаарқа ауданы.
Сөз сөйлеушілер бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру бойынша өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылардың басты біліктіліктерін қалыптасуына ықпал ететін дамытушы білім беру ортасын құру бойынша материалдар ұсынылды. Кіші сынып оқушыларының интеллектуалды, шығармашылық және танымдық қабілеттіліктерін дамытуға байланысты сұрақтар талқыланды.